Атырауда Республика күніне арналған «Айбыны асқақ, тұғыры биік Тәуелсіз Қазақстан» атты мерекелік гала-концерт өтті

Атырауда Республика күніне арналған «Айбыны асқақ, тұғыры биік Тәуелсіз Қазақстан» атты мерекелік гала-концерт өтті

Атырау қаласында Тұғырлы тәуелсіздігіміз бен айбарлы азаттығымызды айшықтайтын Республика күніне арналған салтанатты «Айбыны асқақ, тұғыры биік Тәуелсіз Қазақстан» атты мерекелік гала-концерт өтті.

Мерекелік кеште қала тұрғындары мен қонақтары ел тарихы мен бірлігін дәріптеген әсерлі ән мен би, шабытты жыр мен ұлттық әуенге толы бағдарламаны тамашалады.

Концерттің алғашқы бөлігі патриоттық рухтағы шығармаларға арналды. Сахна төрінде Нұрсұлтан Абылай, Санжар Қабдыжан, Дамир Арманов, Нұргүл Жұмағалиева, Ержан Мырзахметов, Жасұлан Телеубаев сынды орындаушылар өнер көрсетті. Сонымен қатар «Фламинго», «Жұлдыз», «Жайық қызы» би ансамбльдері мен Қайрат Нұртас өнер мектебінің шәкірттері өз өнерлерімен көрермен ықыласына бөленді.

Ал екінші бөлімде заманауи бағыттағы орындаушылардың жарқын нөмірлері ұсынылды. Дильназ Ежирова, Шолпан Мукашева, Нұрасыл Өтен, Нұрсұлтан Медетов және басқа да жас өнерпаздар халыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Іс-шара соңында қала тұрғындары мен қонақтары еліміздің ең басты құндылығы — тәуелсіздікті дәріптеп, ел бірлігі мен жарқын болашағына деген сенімдерін білдірді.