Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Республика күні қарсаңында мемлекеттік наградалар табыстады

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Республика күні қарсаңында мемлекеттік наградалар табыстады

Бүгін Махамбет атындағы Қазақ академиялық драма театрында Республика күніне арналған “Отаным – бақыт ордасы” атты салтанатты жиын өтті.

Іс-шараға аймақ басшысы Серік Шәпкенов қатысып, Атырау жұртшылығын ұлттық мерекемен құттықтады.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Республика күні – халқымыздың дербес ел болуына жол ашқан қастерлі күн. Бүгінде Қазақстан нық қадаммен алға басып келеді. Мұнда ел дамуына мүдделі, осы жолда адал қызмет етіп жүрген әр қазақстандықтың үлесі бар, - деді өңір басшысы.

Республика күні қарсаңында Президент Жарлығымен Бақытбек Таубаев «Құрмет» орденімен марапатталды

Бақтыбек Таубаев – өндірістегі тәжірибесін ғылыммен ұштастыра білген беделді тұлға.

Ол – Атырау облысының Құрметті азаматы, ауыл шаруашылығы мен жер ресурстарын тиімді пайдалану саласында іргелі зерттеулер жүргізіп жүрген ғалым.

Профессордың 93 ғылыми мақаласы, 4 монографиясы және 1 оқу-әдістемелік құралы жарық көрген.

Сондай-ақ, «Атырау облысының Нарын құмдық жайылымдарын маусымдық кадастрлық бағалау» тақырыбындағы зерттеу жұмысына байланысты екі авторлық куәліктің иегері.

Бақтыбек Таубаев – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің “Менеджмент” кафедрасының профессоры.

Жалпы еңбек өтілі – 67 жыл, оның ішінде 32 жыл – ғылыми-педагогикалық, 25 жыл – партия және шаруашылық органдарында.

Ол жастарды тәрбиелеу мен ұлттық құндылықтарды насихаттауға ерекше көңіл бөліп, “Елсана” клубы мен билер мектебінің жетекшісі ретінде де белгілі.

Махамбеттік бағбан Нұролла Мусин “Еңбек Даңқы” орденімен марапатталды

Махамбет ауылының тұрғыны, коммуналдық сала қызметкері Нұролла Мусин Жұманұлы Республика күні қарсаңында III дәрежелі “Еңбек Даңқы” орденімен марапатталды.

Ол 1990 жылдан бастап “Жасыл белдеу” аймағында бағбан болып еңбек етті.

2014 жылдан бері “Махамбет Су” мекемесінде сантехник-механик қызметін атқарып, ауылды көгалдандыру мен сумен қамту ісіне зор үлес қосып келеді.

Нұролла Мусин өз ісіне адалдық танытып, коммуналдық салада ұзақ жылдық еңбегімен танылған маман. Бұған дейін аудан және ауыл әкімдерінің алғыс хаттарымен, сондай-ақ “Үздік коммуналдық сала қызметкері” дипломымен марапатталған.

Мереке қарсаңында Рашид Алашбаев “Еңбек Даңқы” орденімен марапатталды

«АтырауНефтеМаш» ЖШС қызметкері Алашбаев Рашид Тағанұлы Республика күні қарсаңында III дәрежелі “Еңбек Даңқы” орденімен марапатталды.

Рашид Тағанұлы еңбек жолын 1985 жылы Петровский атындағы Гурьев машина жасау зауытында (қазіргі «АтырауНефтеМаш» ЖШС) бастаған.

Аспап жасаушы шәкірттен бастап 1-разрядты токарь, кейін 1- санатты маркер қызметіне дейін өскен.

Ол еңбекқорлығы мен жоғары кәсіби білігінің арқасында өндіріс саласында беделге ие болды.

Металл өңдеу және таңбалау технологиясын жетік меңгерген тәжірибелі маман ретінде әріптестері арасында зор құрметке ие.

Мереке қарсаңында ауыл еңбеккері “Ерен еңбегі үшін” медалімен марапатталды

Атырау селолық округіне қарасты Жанаталап ауылының тұрғыны Нұрлыбек Далабаев Республика күні қарсаңында “Ерен еңбегі үшін” медалімен марапатталды.

Нұрлыбек Шәуменұлы ауылдағы жастардың бастамасымен отырғызылған тал-теректерді баптап, жасыл желекті күтіп ұстау ісін өз мойнына алған.

Табиғатқа жанашыр азамат төрт жылдан астам уақыт бойы бағбандықпен айналысып, ауыл саябағының көркеюіне елеулі үлес қосып келеді.

Ол туған жердің экологиялық тазалығы мен әсем келбетін сақтау жолында табандылық танытып, еңбегімен ауылдастарына үлгі болып жүр.

Республика күні қарсаңында мәдениет саласының үздігі Болат Қохаманов “Құрмет” орденімен марапатталды

Нұрмұхам Жантөрин атындағы облыстық филармонияның эстрадалық үрмелі аспаптар оркестрінің жетекшісі Болат Қохаманов “Құрмет” орденімен марапатталды.

Ол еңбек жолын 1983 жылы бастап, қала паркі мен мәдениет бөлімінде, кейін Махамбет атындағы қазақ драма театрында музыкалық бөлім меңгерушісі әрі дыбыс режиссері қызметтерін атқарды.

Болат Қохаманов – танымал композитор, оның “Өмір сен”, “Жайықтың толқындары”, “Айша бибі”, “Атырау-Арман” сынды әндері ел ішінде үлкен сүйіспеншілікке ие.

Оның шығармаларын Роза Рымбаева, Медеу Арынбаев, Бейбіт Көшқалиев сынды елге танымал әншілер орындайды.

Мақат ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Светлана Сарбалиева мемлекеттік қызметтегі көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсіби білігі үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төсбелгісімен марапатталды.

Мереке қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен 35 азамат ел дамуына қосқан үлесі, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға сіңірген еңбегі, жоғары кәсібилігі мен мінсіз қызметі үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды. Облыс әкімі Президент атынан берілген мемлекеттік наградаларды табыстады.

ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен

Өтешов Мұрат Сақтайұлы – Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы

«Парасат» орденімен

Қонарбай Болат Қайроллаұлы – «Болат–Жол» ЖШС бас директоры, Атырау қаласы

«Құрмет» орденімен

Таубаев Бақтыбек Жұбандықұлы – Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры

Қохаманов Болат Қайрғалиұлы – Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармонияның жетекшісі

Қажымғалиев Өмірзақ – еңбек ардагері, Құрманғазы ауданы

Өтепова Қарылғаш Хизатоллақызы – «Абылай–Хан» ЖШС директоры, Атырау қаласы

Бейсқали Толқын Ермекқызы – Қызылқоға аудандық Мәслихатының төрағасы

Кейкин Шәкір Кейкінұлы – Атырау қаласының әкімі

ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен

Алашбаев Рашид Тағанұлы – «АтырауНефтеМаш» ЖШС І санатты токарі, Атырау қаласы

Мусин Нұролла Жұманұлы – «Махамбет Су» КМК механик-сантехнигі, Махамбет ауданы

Мухтаров Қуанышкерей Серікқалиұлы – «North Caspian Operating Company N.V.» филиалының супервайзері

Кубиев Қанат Меңдігерейұлы – «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС машинисі

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

Доспанов Жұмабай Орынғалиұлы – еңбек ардагері, Атырау қаласы

Барлыбайұлы Ержан – Атырау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы

Айдарханова Меруерт Сапарғалиқызы – «Атырау облыстық перинаталдық орталығы» КМК директорының медициналық бөлімі бойынша орынбасары

Айшуақова Гүлнафис Аязберікқызы – Жылыой ауданы әкімінің орынбасары, Атырау облысы

Бекмұханов Ғилаж Құзайырұлы – еңбек ардагері, Атырау қаласы

Ғұмарова Қарлығаш Әбедияқызы – «Атырау облысы әкімдігінің іс басқармасы» КММ қызмет көрсету маманы

Гумерова Мусавара Шаяхметқызы – еңбек ардагері, Атырау қаласы

Далабаев Нұрлыбек Шәуменұлы – Атырау селолық округі «Жастар» саябағының жұмысшысы

Дәулетбаева Әлия Бекежанқызы – Облыстық Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының аудармашысы, Атырау қаласы

Денгелбаев Орақ Ерғалиұлы – еңбек ардагері, Атырау қаласы

Ихсанов Асылбек Мұқанбетқалиұлы – еңбек ардагері, Атырау облысы

Қайрденов Нұрлан Саматұлы – «Ернар–Контракт» ЖШС директоры, Исатай ауданы

Қасенов Марат Сейітжанұлы – «Атырау облыстық тарихи–өлкетану музейі» КММ Археология ғылыми-зерттеу бөлімінің аға ғылыми қызметкері

Мағзомов Сатыбалды Тілегенұлы – «AIDANA AGRO» шаруа қожалығының басшысы, Атырау қаласы

Мақымғали Мұғал Төрешұлы – «Норт Каспиан ПроКон Салушнс» ЖШС жоба жетекшісі

Нұрмұханов Қуаныш Құлбайұлы – «Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» КМК директорының медицина сапасын бақылау жөніндегі орынбасары

Нұрғалиева Гүлсара Сайынқызы – №1 Білім–Инновация лицей–интернатының мұғалімі

Рысжанов Асланбек Рысжанұлы – «Табиғат» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры

Суртаев Чингиз Ержанұлы – «Бутадиен» ЖШС бас директоры, Атырау қаласы

Шапабаева Марфуға Бисенбайқызы – Атырау облысы әкімі аппараты өңірлік даму және мониторинг бөлімінің бас инспекторы

Шәріпбаев Дінмұхаммед Әлиханұлы – «ҚазМұнайГаз–Бұрғылау» Сервистік бұрғылау кәсіпорны» ЖШС бас директоры

Ізғалиев Мұхтар Шарапиденұлы – Атырау облысы Дін істері басқармасының діни бірлестіктермен байланыс және ақпараттық-талдау бөлімінің басшысы

«Шапағат» медалімен

Бисенова Жібек Қуанғалиқызы – «БолашақК» қоғамдық қорының директоры, Атырау қаласы