
Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен 15 қазанда «Jas-Sana» ұлттық жастар клубында “Дінтану” мамандығының студенттерімен танымдық кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – жастарға зайырлылық қағидаттарының мәнін түсіндіру, дінаралық және ұлтаралық келісімнің қоғамдағы маңызын насихаттау болды.
Кездесуде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің аға оқытушы, облыстық АТТ мүшесі, тарихшы Ернар Абзалұлы зайырлы мемлекеттің негізгі құндылықтары, дін мен мемлекеттің өзара қатынасы, рухани татулық пен толеранттылық мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, студенттерге рухани келісім күнінің тарихы мен оның қоғамдағы біріктіруші рөлі туралы ақпарат берілді.
Шара барысында жастар сұрақтар қойып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, студенттердің азаматтық жауапкершілігін арттыруға ықпал етті.
Іс-шара соңында қатысушылар Зайырлы қағидаттарды ұстанудың қоғам тұрақтылығына тигізетін әсерін талдады. Рухани келісім мен өзара түсіністікті сақтау жолдары жөнінде пікір алмасты.
20ға жуық студент қатысты.