ДІН - ТӘРБИЕНІҢ РУХАНИ ӨЗЕГІ

ДІН - ТӘРБИЕНІҢ РУХАНИ ӨЗЕГІ

15 қазанда Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен, “Жәрдем-Атырау” КҚ-ның ұйымдастыруымен С.Зиманов атындағы №37 орта мектептің оқушыларымен “Дін-тәрбиенің рухани өзегі” тақырыбында кездесу өтті. Қатысқандар саны - 80.

Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі – «Жәрдем-Атырау» КҚ-ның теолог маманы Нариман Ермағамбетов діннің рухани маңыздылығы туралы кеңінен әңгімеледі.

Сонымен қатар теріс діни ағымдардың таралу қаупі, оларды қалай ажырату керектігі және ғаламтордағы күмәнді діни ақпараттарға сақ болу мәселесі қозғалды.