“БӘЙТЕРЕК” МЕШІТІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ МАТЕРИАЛ ТАРАТЫЛДЫ

“БӘЙТЕРЕК” МЕШІТІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ МАТЕРИАЛ ТАРАТЫЛДЫ

3 қазанда Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен, “Жәрдем-Атырау” КҚ-ның ұйымдастыруымен Қызылқоға аудандық “Бәйтерек” мешітінде ақпараттық материалдар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

АТТ мүшесі, “Жәрдем-Атырау” теолог маманы Мұрат Сұлтанов мешіт жамағатына жұма намазы кезінде, діни жат ағымның алдын алу бойынша ҚР ӘҚБтК-ның 453 және 490-заңдары, заңнамалар ұсынылған “Назар салыңыз!”, “Дін мәселелері жөніндегі ақпараттар бойынша мына инстаграм парақшалар мен сайттарды ұсынамыз”, “ҚР территориясындағы тыйым салынған террористік және экстремистік ұйымдар”, “Жаңа заң - қауіпсіздік үшін жаңа қадам” атты ақпараттық материалдар таратып, түсіндіру жұмысын жүргізді.

Қамтылғандар саны - 120.