
21 қазан күні Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен,«Жәрдем-Атырау» КҚ ұйымдастыруымен «Dostyk School Atyrau» ЖШС оқушыларымен кездесу өткізілді. Қатысқандар саны - 60.
Кездесу тақырыбы - «Дін мен қоғам: жастардың зайырлы ұстанымы».
Кездесу барысында АТТ мүшесі, «Жәрдем-Атырау» КҚ теологы Ринат Қалмазұлы жастардың зайырлы ұстанымының маңыздылығына тоқталды. Ол дін мен қоғамның өзара үйлесімді өмір сүруі — әр азаматтың саналы көзқарасы мен жауапкершілігіне байланысты екенін атап өтті. Сонымен қатар, діннің адамды мейірімге, ізгілікке, татулыққа үндейтінін айтты.
Сөз соңында теолог жастарға діни ақпаратты тек сенімді, ресми дереккөздерден алуға кеңес берді. Ол қоғамдағы радикалды көзқарастар мен жалған діни ағымдардан сақ болу қажеттігін ескертті.
Жастарға жиын соңында арнайы бейнеролик көрсетілді.