Экоакция аясында 4 мыңнан аса тал егілді

Экоакция аясында 4 мыңнан аса тал егілді

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өткен экологиялық акцияда 15 тонна қоқыс жиналып, 4070 ағаш егілді. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев және 1500-ден астам ерікті қатысты, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыс орталығында өткен тазалық жұмыстары Жайық өзенінің Атырау шағынауданындағы жағалауын қамтыды. Сенбілікті Атырау облысы әкімдігі және облыстық Экология департаменті мен «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы ұйымдастырды. Тазалық акциясына облыс орталығы ғана емес, аудан тұрғындары да қатысты.

- Акцияның мақсаты – табиғатты қорғау және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Таза орта – салауатты өмір кепілі. Әр тұрғын туған жердің экологиясына бейжай қарамаса, қоршаған ортамыз да таза әрі көркем болады, – деді Экология департаментінің басшысы Асқар Жүсіпов.

Аймақта жыл басынан бері өткен экологиялық бағдарламаларға 8 мыңға жуық адам қатысып, нәтижесінде 20 мың тоннадан астам қоқыс жиналды.