Құрманғазыда «Ұлт өлеңінің үштағаны» атты әдеби-музыкалық кеш өтті

Құрманғазыда «Ұлт өлеңінің үштағаны» атты әдеби-музыкалық кеш өтті

Құрманғазы аудандық мәдениет үйінде көрнекті ақындар, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаттары Жұмекен Нәжімеденов, Қадыр Мырза-Әлі және Тұманбай Молдағалиевтың туғанына 90 жыл толуына арналған «Ұлт өлеңінің үштағаны» атты әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырылды,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Іс-шара ақындарға арналған көріністермен өріліп, Құрманғазының «Төремұрат» күйімен басталды. Кешке аудан әкімі Абат Жанғалиев, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнұр Сүйеуова, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы, жазушы Мереке Құлкенов, сондай-ақ ақын Жұмекен Нәжімеденовтің қызы Қарлығаш Жұмекенқызы мен еліміздің түкпір-түкпірінен келген белгілі қаламгерлер қатысты.

Кеш барысында ақындар поэзиядан үзінділер оқып, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Әдеби бағдарламада Жұмекен Нәжімеденов, Қадыр Мырза-Әлі және Тұманбай Молдағалиевтың сөзіне жазылған танымал әндер шырқалды. Кеш соңында үш ұлы ақынның рухына тағзым етіліп, қазақ поэзиясының мәңгілік мұрасына құрмет көрсетілді.