Серік Шәпкенов Қызылқоға ауданының тұрғындарымен кездесті

Серік Шәпкенов Қызылқоға ауданының тұрғындарымен кездесті
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Тайсойған ауылында Қызылқоға ауданының тұрғындармен кездесті. Аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің 21,5%-ға өскенін, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өндірісінде өсім барын және әлеуметтік инфрақұрылымның қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
 
Әлеуметтік инфрақұрылым
•Соңғы екі жылда 7 мектеп жаңғыртылды: жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа жиһаздар мен кабинеттер сатып алынды.
•Сағызда Жастар үйі мен Өнер орталығына ғимараттар алынды.
•Жамансорда 80 орындық мектеп пен 30 орындық интернат салынуда.
•Қарабауда 120 орындық бастауыш мектеп салу жоспарланған, мердігер анықталуда.
•Жасқайратта 100 орындық, Тайсойғанда 50 орындық балабақша құрылысының жобасы дайындалуда.
•Биыл Мұқырда (400 орын) және Қарабауда (300 орын) салынып жатқан мәдениет үйлерінің құрылысы аяқталады. 2026 жылы Миялыда 500 орындық мәдениет үйі мен Тайсойғанда шығармашылық орталықтың құрылысы басталады.
•Спорт саласында Мұқыр, Қарабау, Қоныстану және Қаракөл ауылдарында спорт кешендері салынуда, Жангелдин және Тайсойғандағы кешендер 2026 жылы пайдалануға беріледі.
 
Әлеуметтік инфрақұрылым
•Соңғы екі жылда 7 мектеп жаңғыртылды: жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа жиһаздар мен кабинеттер сатып алынды.
•Сағызда Жастар үйі мен Өнер орталығына ғимараттар алынды.
•Жамансорда 80 орындық мектеп пен 30 орындық интернат салынуда.
•Қарабауда 150 орындық бастауыш мектеп салу жоспарланған, мердігер анықталуда.
•Жасқайратта 100 орындық, Тайсойғанда 50 орындық балабақшаның құрылысы басталады. 
•Биыл Мұқырда (400 орын) және Қарабауда (300 орын) салынып жатқан мәдениет үйлерінің құрылысы аяқталады. 2026 жылы Миялыда 500 орындық мәдениет үйінің құрылысы басталса, Тайсойғандағы шығармашылық орталықтың мердігер мекеме анықталып, құрылысы биыл басталады. 
•Спорт саласында Мұқыр, Қарабау, Қоныстану және Қаракөл ауылдарында спорт кешендері салынуда, Жангелдин және Тайсойғандағы кешендер биыл пайдалануға берілді. Биыл ауданда 8 спорт кешенінің құрылысы жүріп, оның екеуі биыл пайдалануға берілсе, үшеуі жыл соңына дейін, тағы үшеуі келесі жылы халық игілігіне беріледі.