Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының жанынан Жас сайлаушылар клубы құрылып, 2025 жылдың 16 қыркүйегінде бірінші отырысы өткізілді.

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының жанынан Жас сайлаушылар клубы құрылып, 2025 жылдың 16 қыркүйегінде бірінші отырысы өткізілді.

Клубты құрудың мақсаты жастардың назарын сайлау процесінің өзекті мәселелеріне аудару, олардың сайлау белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру болып табылады.

Отырысқа төрағалық еткен Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әсия Баянқызы Қыстаубаева клубтың мақсат-міндеттерімен таныстырды.

Бірінші отырыста клуб мүшелері арасынан клубтың төрағасын, төраға орынбасарын және хатшысын сайлап алды. Клуб төрағасы болып «Жастар ресурстық орталығы» басшысы Сағидоллаева Мансия Сағидоллақызы, төраға орынбасары болып «Атырау облыстық жастар маслихаты» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Ідірсәлиев Ақыл Алтынбекұлы және клуб хатшысы болып Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 2 курс студенті Бауыржан Нұрбота Бауыржанқызы бір ауыздан сайланды.

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы Клуб мүшелеріне сәттілік тілеп, алдағы уақытта Клубтың жұмысына әдістемелік, құқықтық көмек көрсетілетіндігін атап өтті.