Өңірде білім беру нысандарын салу және реновациялау жұмыстары жалғасуда

Өңірде білім беру нысандарын салу және реновациялау жұмыстары жалғасуда

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтың төрағалығымен 2025–2026 оқу жылына дайындық мәселелері бойынша кеңес өтті.

Реновация бағдарламасы аясында 9 мектепте күрделі жөндеу жүріп жатыр: оның 5-еуіндегі жұмыс 1 қыркүйекке дейін, 3-еуінде жыл аяғына дейін, ал біреуінде 2026 жылы тәмәмдалады.

Жаңадан үш “Келешек мектебі” ашылып, 298 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Өңірдегі 25 мектеп модернизациядан өткізіліп, оған қосымша модификациялық үлгідегі 130 кабинет (химия, физика, биология, робототехника, STEM, т.б) сатып алынды.

Облыста 13 200 орынға шақталған 20 мектеп салынуда, оның 15-і биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

364 білім беру мекемесі толықтай қауіпсіздік жүйесімен: бейнебақылау камераларымен, турникеттермен, лицензияланған күзет және дабыл түймелерімен жабдықталған.

Облыс әкімі реновация мен құрылыс жұмыстарының уақытында аяқталуын қатаң бақылауда ұстап, мектептердің жаңа оқу жылына толықтай дайындығын қамтамасыз етуді жүктеді.