Атырау қалалық Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Отбасын қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан — отбасылық құндылықтарды нығайту жолы экологиялық қауіпсіздік пен отбасының әл ауқаты» тақырыбында дөңгелек үстел өтті,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жиынға қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов, қалалық Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының м.а. Асан Қуанышкереев және Әжелер алқасы мен Аталар кеңесі қатысты.
- Қазақстанда экологиялық қауіпсіздік пен отбасылық әл-ауқат қоғамның тұрақты дамуының негізгі тіректері саналады. Іс-шараның мақсаты – еліміздің экологиялық ахуалын жақсарту жолында отбасының рөлін арттыру, жас ұрпаққа экологиялық мәдениетті сіңіру, сонымен қатар экологиялық тұрақтылық арқылы отбасылардың өмір сапасын жақсартудың өзекті мәселелерін талқылау,- деді Н.Ермұханов.
Жиында экологиялық тұрақтылық пен отбасы институтының өзара байланысы, қазіргі қоғамдағы жасыл бастамалар мен олардың әлеуметтік маңызы туралы өзекті мәселелер қозғалды.
Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай кездесулер азаматтық жауапкершілікті арттырып, ұрпақ тәрбиесінде экологиялық құндылықтарды дәріптеуге серпін бермек.