Атырауда жыл басынан бері тазалық рейді барысында 8340 құқықбұзушылық анықталды

Атырауда жыл басынан бері тазалық рейді барысында 8340 құқықбұзушылық анықталды

Қала көркі тазалықтан басталады. Осы орайда Атырау қаласында рейдтік шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл жұмыстарға Полиция департаментінің қызметкерлері мен әкімдік мамандары бірлесіп қатысуда, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Жыл басынан бері ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабы (қоғамдық орындарды ластау), 505-бабы (қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу), 386-бабы (жасыл екпелерді жою және бүлдіру) бойынша 8340 әкімшілік құқықбұзушылық фактісі тіркеліп, 2795 ескерту, 3045 айыппұл түрінде хаттама толтырылған,- деді Атырау қаласы полиция басқармасының бөлім бастығы Қаршыға Дүйсенғалиев.

Мақсат – қала аумағын таза ұстау, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру және заң талаптарының орындалуын қамтамасыз ету.

Рейд барысында тұрғындарға өз ауласынан тыс 5 метрлік аумақты таза ұстау қажеттігі ескертілуде. Рұқсатсыз қоқыс тастау жағдайлары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қажет болғанда әкімшілік шаралар қабылданады.