Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

2025 жылғы 26 қазанда Атырау облысында 4 сайлау округінде                (Жылыой ауданында – 2, Индер ауданында – 1, Мақат ауданында – 1) өтетін мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау науқанының шеңберінде кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды.

Округтік сайлау комиссиялары мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына ұсынылған 16-кандидаттың 3-уі (Жылыой аудандық мәслихатының сайлауы бойынша №3 бірмандаттық аумақтық сайлау           округінде 1, Индер аудандық мәслихатының сайлауы бойынша №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округінде 2) тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін өз өтінішімен кандидатурасын алып тастады. Ал 1 кандидат құжатын толық тапсырмауына орай (Индер аудандық мәслихатының сайлауы бойынша №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округінде) тіркеуден бас тартылып, қалған                 12 кандидаттың барлығы тіркелді.

Осылайша, қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауда тіркелген 12 кандидаттың орташа бәсекелестік бір бос депутаттық мандатқа 3 кандидатты құрайды.

Тіркелген 12 кандидаттың 3-уі саяси партиядан, 9-ы өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған. Оның  9-і ер адам, 3-уі әйел адам.

4 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері болып табылады, 8–і саяси партияға қатыстылығы туралы ақпарат көрсетпеген.

Орташа жас – 37 жасты құрайды.

Кандидаттардың барлығы жоғары білімді.

Кандидаттардың 1-уі мемлекеттік мекемеде, 7-уі бюджеттік мекемелерде,           4-уі коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды.

Қазіргі уақытта кандидаттардың үгіт науқаны басталды, ол 25 қазан күнгі сағат 00:00-ге дейін жалғасады.

Сілтемелер:

  1. Жылыой аудан
  2. Индер ауданы
  3. Мақат ауданы
Дата публикации
30 сентября 2025