2025 жылғы 30 наурызда Атырау облысында 6 сайлау округінде (Атырау қаласында -2, Қызылқоға ауданында – 2, Мақат ауданында – 1, Махамбет ауданында - 1) өтетін мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау науқанының шеңберінде кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды.
Округтік сайлау комиссиялары мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына ұсынылған 19-кандидаттың 1-уі (№4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша) тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін өз өтінішімен кандидатурасын алып тастауына орай қалған 18-кандидаттың барлығын тіркеді.
Осылайша, қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауда тіркелген 18-кандидаттың орташа бәсекелестік бір бос депутаттық мандатқа 3-кандидатты құрайды.
Тіркелген 18-кандидаттың 4-уі саяси партиядан, 14-і өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған. Оның 14-і ер адам, 4-уі әйел адам.
7-кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері болып табылады, 2-уі партиялық емес, 9–ы саяси партияға қатыстылығы туралы ақпарат көрсетпеген.
Орташа жас – 40 жасты құрайды.
Кандидаттардың барлығы жоғары білімді.
Кандидаттардың 1-уі мемлекеттік мекемеде, 8-і бюджеттік мекемелерде, 8-і коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды, 1-уі жұмыссыз.
Қазіргі уақытта кандидаттардың үгіт науқаны басталды, ол 29 наурыз күнгі сағат 00:00-ге дейін жалғасады.
Ссылки: