2025 жылғы 28 ақпанда Атырау облысында 6 сайлау округтерінде (Атырау қаласында -2, Қызылқоға ауданында – 2, Мақат ауданында – 1, Махамбет ауданында - 1) болатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауда кандидаттарды ұсыну аяқталды.
Сайлау науқанының барысында барлығы 19 кандидат ұсынылды. Оның ішінде 4 - уі саяси партиядан, 15 - і өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Ұсынылған кандидаттардың ішінде 15 ер адам және 4 әйел адам бар.
7 - кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшесі болып табылады, 3–уі партиялық емес, 9–ы саяси партияға қатыстылығы туралы ақпарат көрсетпеген.
Орташа жас - 40 жасты құрайды.
Кандидаттардың барлығы жоғары білімді.
Кандидаттардың 1-уі мемлекеттік мекемеде, 9-ы бюджеттік мекемелерде, 8-і коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды, 1-уі жұмыссыз.
2025 жылғы 28 ақпандағы жағдай бойынша округтік сайлау комиссиялары 16 кандидатты тіркеді.
№4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша 1 кандидат тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін өз өтінішімен кандидатурасын алып тастады.
Тіркеудің аяқталу мерзімі - а.ж. 5 наурызда сағат 18:00.
Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол 29 наурыз күнгі сағат 00:00-ге дейін жалғасады.
Ссылки: