Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

2024 жылғы 8 желтоқсанда Атырау облысында 3 сайлау округтерінде (Атырау қаласында -1, Жылыой ауданында - 1, Қызылқоға ауданында - 1) болатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау науқанының шеңберінде кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды.

Округтік сайлау комиссиялары мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына ұсынылған 10-кандидаттың барлығын тіркеп,                       №1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша 1-кандидаттың өз өтініші негізінде кандидат ретінде тіркеудің күші жойылды.

Осылайша, қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауда тіркелген 9-кандидаттың орташа бәсекелестік бір бос депутаттық мандатқа 3-кандидатты құрайды.

Тіркелген 9-кандидаттың 2-уі саяси партиядан, 7-уі өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған. Оның  8-і ер адам, 1-уі әйел адам.

3-кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері болып табылады, 6-ы партиялық емес.

Орташа жас – 47 жасты құрайды.

Кандидаттардың 1-уі арнаулы орта, 9 - ы жоғары білімді.

Кандидаттардың 7-уі мемлекеттік мекемелерде, 2-уі коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды.

Қазіргі уақытта кандидаттардың үгіт науқаны басталды, ол 7 желтоқсан күнгі сағат 00:00-ге дейін жалғасады.

Сілтемелер:

1.Атырау қаласы

2.Жылыой ауданы

3.Қызылқоға ауданы

Дата публикации
14 ноября 2024