Атырау облысында мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды ұсыну қорытындылары мен тіркеу барысы туралы

2024 жылғы 8 желтоқсанда Атырау облысында 3 сайлау округтерінде (Атырау қаласында -1, Жылыой ауданында - 1, Қызылқоға ауданында - 1) болатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауда кандидаттарды ұсыну аяқталды.

Сайлау науқанының барысында барлығы 10 кандидат ұсынылды. Оның ішінде 3 - уі саяси партиядан, 7 - уі өзін-өзі ұсыну тәртібімен.

Ұсынылған кандидаттардың ішінде 9 – ер адам және 1 – әйел адам бар.

4-кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшесі болып табылады, 6 – уы партиялық емес.

Орташа жас - 47 жасты құрайды.

Кандидаттардың 1-уі арнаулы орта, 9 - ы жоғары білімді.

Кандидаттардың 7-уі мемлекеттік мекемелерде, 3-уі коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды.

2024 жылғы 8 қарашадағы жағдай бойынша округтік сайлау комиссияларының 2-уі (№16 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша-                3 кандидат, №1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша - 3 кандидат)             6 кандидатты тіркеді.

№1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша 1 кандидаттың өз өтініші негізінде кандидат ретінде тіркеудің күші жойылды.

Тіркеудің аяқталу мерзімі - а.ж. 13 қарашада сағат 18:00.

Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол 7 желтоқсан күнгі сағат 00:00-ге дейін жалғасады.

 

Сілтемелер

1.Атырау қаласы

2.Жылыой ауданы

3.Қызылқоға ауданы

Дата публикации
08 ноября 2024