2023 жылғы 19 наурызда өткен Атырау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлау қорытындылары туралы ХАБАР
2023 жылғы 19 наурызда Атырау облыстық мәслихатының партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарының сайлауы болып өтті.
Сайлаушылардың тізімдеріне 412382 азамат енгізілді. Дауыс беруге 204355 сайлаушы қатысты, олардың ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 73 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 8485 сайлаушы дауыс берді.
Сайлауға 6 саяси партия қатысты.
Саяси партиялар үшін дауыс саны:
«Amanat» партиясы - 121201 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 59,94 проценті;
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 15676 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 7,75 проценті;
«Respublica» партиясы - 18109 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 8,96 проценті;
Қазақстан Халық партиясы - 9026 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 4,46 проценті;
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы - 10573 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 5,23 проценті;
«Ақ Жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы - 20763 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 10,27 проценті;
«Бәріне қарсымын» белгісі бар сайлау бюллетеньдер саны - 6859.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының бес және одан көп процентін алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттардың былайша бөлінгені белгіленді:
«Amanat» партиясы - 10;
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 1;
«Respublica» партиясы -1;
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы - 1;
«Ақ Жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы – 2.
Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы