2022 жылғы 13 наурызда Қызылқоға ауданының ауылдық округтері әкімдерінің екі сайлау округі бойынша сайлауы өтті.

                                                       Хабарлама

 

2022 жылғы 13 наурызда Қызылқоға ауданының ауылдық округтері әкімдерінің екі сайлау округі бойынша сайлауы өтті.

Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Қызылқоға ауданының ауылдық округтерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Сағыз сайлау округі

Сағыз ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

 

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 4524 азамат енгізілді, олардың 3081-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 22, "барлығына қарсы" -47.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Адилов У.К. – 2691; Жаксиев А.К.– 189; Мендигалиев Б.А.-154.

Сағыз ауылдық округінің әкімі болып Адилов Утепберген Калыбаевич  сайланды, 1976 жылы туған, Қызылқоға аудандық білім бөлімінің басшысы, Сағыз ауылдық округі, Сағыз ауылының тұрғыны, "Amanat" партиясы ұсынған.

 

Тайсойған сайлау округі

Тайсойған ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

 

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 494 азамат енгізілді, олардың 428-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 3, "барлығына қарсы" - 2.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Айыпқалиев Қ.Ж. - 38; Каленов А.К. -23. Козбаков Т.О. – 365;

Тайсойған ауылдық округінің әкімі болып Козбаков Туреш Орынбасарович сайланды, 1988 жылы туған, Ғ.Сланов атындағы орта мектебі, тарих пәнінің мұғалімі, Тайсойған ауылдық округінің Тайсойған ауылының тұрғыны, "Amanat" партиясы ұсынған.

 

 

 

Қызылқоға аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы

Дата публикации
14 марта 2022