Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хабары

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының

хабары

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 13 наурызға Сағыз, Тайсойған ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындады.

Ауылдық округтер әкімдерін сайлау жөніндегі сайлау округтері құрылды.

2022 жылғы 13 наурызға тағайындалған Қызылқоға ауданы Сағыз, Тайсойған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.

Кандидаттарды ұсыну 2022 жылғы 12 ақпанда басталады, 2022 жылдың 25 ақпаны, сағат 18.00-де аяқталады.

Кандидаттарды тіркеу 2022 жылғы 12 ақпанда басталады, 2022 жылдың 2 наурызы, сағат 18.00-де аяқталады.

Сайлау туралы ақпараттар тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-бетшелерінде орналастырылатын болады.

 

https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-kyzylkogy/documents/details/266374?directionId=13653&lang=kk

 

https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-kyzylkogy/documents/details/266468?directionId=13653&lang=kk

 

https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-kyzylkogy/documents/details/266375?directionId=13840&lang=kk

 

 

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

тел. 270256, 354461, 270969

интернет-сайт: atyrau.gov.kz

tic_atr_obl@saylau.kz, aotik2020@mail.kz

Дата публикации
11 февраля 2022