Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Жылыой ауданында тұрғындар арасында жеңіл атлетикалық жүгіруден жарыс өтті.
Шараға 100-ге жуық адам қатысып, мерекелік көңіл-күйде 5 шақырымды жүгіріп өтті. Жүгіру бағыты “Бабаларға тағзым” алаңынан басталып, жағажай жолы арқылы бару және оралу жолымен жүгіріп мәреге жету.
Сайыста жас ерекшеліктері бойынша жеңімпаздар:
14–17 жас (ұлдар):
1 орын – Ерасыл Самат
2 орын – Дәулет Серікұлы
3 орын – Әділхан Құмар
14–17 жас (қыздар):
1 орын – Айсана Қуанғали
2 орын – Айгерім Қуанышова
3 орын – Зереп Абдрахманова
18 жастан жоғары (ерлер):
1 орын – Бейбітбек Хайржанов
2 орын – Дулат Қалиев
3 орын – Серік Әділов
18 жастан жоғары (әйелдер):
1 орын – Айгерім Аманқосова
2 орын – Ақсауле Кенжеғалиева
3 орын – Анар Кұрманова
Жеңіл атлетикалық жүгіру жарысына қатысушылар және жеңімпаздар арнайы мерекелік медальмен марапатталды.
Барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтап, жарыста белсенділік танытқаны үшін алғыс білдіреміз.