Жылыой аудандық емханасына жаңа “А” классты жедел жәрдем көлігі табысталды. Сонымен қатар, мемлекеттік бюджет есебінен жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығына арнайы 2 көлік табыс етілді.
“Тойота хайс” маркалы реанимобильді автокөліктің ішінде кислород қондырғысы, науқастың жағдайын бағалайтын монитор, алғашқы көмек қобдишасы, дефибриллятор аппараты орнатылған.