Жылыой ауданының әкімі аудан жастарымен кездесті

Жылыой ауданының әкімі аудан жастарымен кездесті
 
Кездесуге ауданның белсенді жастары, спортшылар, мектептің жоғары сынып оқушылары, ата-аналар мен жас кәсіпкерлер қатысты.
Кездесу аясында аудан әкімі жастарға өз тілегін жеткізіп, өзінің жүріп өткен жолы, жастар үшін алдағы уақытта атқарылар жұмысына қысқаша тоқталды.
“Бүгін ел болашағына бей-жай қарамайтын, өзгелерге үлгі болатын жастармен ой бөлісуге жиналдық. Сіздерге айтарым, жастық шақтың күш-қайратын егемен еліміздің өркендеуіне жұмсай беріңіздер!”,- деді аудан басшысы.
Ашық кездесу аясында ҚР бірнеше дүркін чемпионы Ержан Сәлімгереев, “Мергендер мекені” телевизиялық мега жобасының 2 орын иегері Бағдат Ертүгел, ҚР чемпионатының жүлдегері Айдана Алиева, әлем чемпионы Талғат Жұмағалиев, жас кәсіпкер Бекет Құлбаев жастарға өз саласындағы қызықтарымен бөлісіп, жақсы тілектерін жеткізді.
Сонымен қатар “Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл” мерекелік төсбелгісімен ақын-жазушы Нұрдаулет Ақназаров және Жылыой ауданы аналар кеңесінің төрайымы Мадина Әбдіғалиева марапатталды.
Жиынға қатысушы жастар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, аудан басшысымен еркін түрде пікір алмасып, ұсыныстарын жеткізді.
Аудан басшысы жастардың айтқан ұсыныстарын негізге ала отырып, өзекті сұрақтарды орындауға ат салысатынын жеткізді.
Мазмұнды жиын барысында спорт саласында ауданның дамуына үлес қосып жүрген бір топ спортшыларға “ҚР спорт шеберіне үміткер” атағы берілді.