Аудан әкімі Ж.Қаражанов құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімін және жолаушылар көлігі және автомобильдер бөлімінің басшыларын қабылдады.
Жиын барысында 2025 жылы атқарылатын жобалар бойынша бөлім басшылары баяндама жасады.
Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінде ағымдағы жылы жүзеге асатын жобалар:
Құлсары қаласында ауданына дене шынықтыру сауықтыру кешендерінің құрылысы, Құлсары қаласы Құлсары-Бейнеу тас жолындағы мал қорымының құрылысы, Құлсары қаласы және елді мекендерді сумен, газбен, электрмен жабдықтау.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде төменде көрсетілген жобалар жүзеге асады:
Құлсары қаласы автомобиль жолдарын қайта жаңғырту, жаяу жүргіншілер тротуарлары мен веложолдарын салу, Ақмешіт тарихи-мәдени орнының автомобильдер жолдарын қайта жаңғырту, Құлсары қаласында автомобиль көпірлерін қайта жаңғырту; Құлсары қаласында автомобиль жол сызықтарын сызу, жол белгілерін салу, жасанды жол кедергілерін орнату (ИДН), Құлсары қаласы Атырау ықшам ауданы автомобиль жолдарын жаяу жүргіншілер жолымен бірге салу;
Жиын соңында аудан әкімі жобалар бойынша жүйелі жұмыс атқаруды тапсырды. Сонымен қатар тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.