"Таза Қазақстан" акциясы аясында сенбілік өтті

"Таза Қазақстан" акциясы аясында сенбілік өтті
«Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпыхалықтық сенбілік өтті.
 
Сенбілікке қала, кент, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, ауданға қарасты мекеме қызметкерлері қатысып, қоғамдық шараға бір кісідей атсалысты.
 
Олар өздеріне бөлінген аумақтар мен көшелерге тазалық жұмыстарын жүргізді.
 
Тазалық жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес әр апта сайын мамырдың аяғына дейін жалғасады.
 
Сенбілікке қала тұрғындарының да белсенділік танытып, қатысуларын сұраймыз!
 
Себебі табиғатты аялау барлығымызға ортақ міндет!
 
Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі