
Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық "Алтын тұғыр" олимпиадасы өткен болатын.
Олимпиада мақсаты — бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын жетілдіру, шығармашылық әлеуеті мен педагогикалық шеберлігін дамыту, мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру
Тартысты доданың облыстық кезеңіне 16 ұстаз жолдама алды. Солардың ішінен үздік көрсеткішпен көзге түскен Жылыой ауданы командасы "Ең үздік олимпиадалық команда -2025" номинациясын алып, жүлделі ІІ орынға ие болды.