Жылыой ауданы жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің қызметкерлеріне ZOOM бағдарламасы арқылы Мемлекеттік қызметшілер тарапынан Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Бекітілген  Жылыой  ауданы  бойынша  үгіт-насихат  штабының  тұрмыстық  жемқорлықтың  алдын-алу  мақсатында  өтетін  бейне  конференцияларының  іс-шара  жоспарына  сәйкес  Жылыой  ауданы  әкімі  аппаратының  басшысы, Әдеп  жөніндегі  уәкіл  А.Нұғман Жылыой  ауданы  жұмыспен  қамту, әлеуметтік  бағдарламалар  және  АХАТ  бөлімінің  қызметкерлеріне  ZOOM бағдарламасы  арқылы Мемлекеттік қызметшілер тарапынан Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Атап  айтқанда, мемлекеттік қызметшілердің  жоғарғы моральдық әдептілік бейнесін сақтау және құқық бұзушылыққа жол бермеу, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, енгізілген шектеу шараларын сақтау  туралы  түсіндірілді.