Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттық (аукцион) өткізу туралы хабарландыру

Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттық  (аукцион) өткізу туралы хабарландыру

Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттық  (аукцион) өткізу туралы хабарландыру

Құрметті әлеуетті сауда-саттыққа қатысушылар!

«Жылыой аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ 2021 жылы 30 сәуірде сағат 11:00-де (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен) Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында www.gosreestr.kz (бұдан әрі-Портал)жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі бағасын көтеру әдісі бойынша электрондық аукцион өткізеді.

Аукционға қатысуға өтінім беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына» және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №290 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде ұйымдастыру және өткізу қағидасына» сәйкес қабылданады.

Аукционға қатысушыларды  тіркеу хабарлама  жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады - 2021 жылы 30 сәуірде сағат 09:00-де (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен)), содан соң қатысушылар берген өтінімдерін кері қайтара алмайды.

            Аукционға қатысу үшін мыналарды:

1) жеке тұлғалар үшін:

- жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);

2) заңды тұлғалар үшін:

- бизнес сәйкестендіру нөмірін  (бұдан әрі – БСН), толық  атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін  екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу  шотының деректемелерін;

4) байланыс деректерін  (почталық мекенжайы, телефоны, факс,  e-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын-ала тіркелу қажет. 

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ қол қойылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің  веб-порталында тіркеу қажет.

Назар аударыңыз! Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша  тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді  қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.

Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді.

Аукцион сату объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен басталады.

Әрбір сатылған сату объектісі бойынша аукцион нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз  ЭЦҚ пайдалана отырып, сауда-саттық өткiзiлген күнi тізілімнің веб-порталында қол қояды.

Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының сату объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін белгілейтін құжат болып табылады.

Сатып алу-сату шарты немесе жалдау шарты электрондық форматта тізілімнің веб-порталында жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦК пайдалана  отырып сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде мерзімде оған қол қояды. Бұл ретте сатушы сатып алушыға сауда саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде мерзімде қол қоюға сатып алу-сату шартының жобасын ұсынады.

Аукционға қатысуға өтінімдерді беру және тіркеу аукцион өткізу туралы хабарландыру тізілімнің веб-порталында жарияланған күннен бастап кемінде 15 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.

Аукционға  қатысу үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың төмендегі шотына төленеді:

 Төлемді алушы: «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ;  БСН: 050540004455; ТТК: 171; БЕК: 16.

Банк аталуы: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ; ЖСК: KZ946017111000000330; БСК: HSBKKZKX.

Төлем мақсаты: Электрондық аукционға қатысу үшін кепілдік жарна.

Назар аударыңыз! Жеңiмпазға ол сауда-саттықтардың нәтижелерi туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қоймаған жағдайда кепiлдiк жарнаны қайтармайды.

Қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналар аукционға қатысушы бірыңғай операторға тізілімнің веб-порталында қатысушының қол қойылған ЭЦҚ арқылы, өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады.

Аукционға бағаны көтеру әдісімен келесі сату объектілері қойылады:

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Жер учаскесінің мекенжайы мен орналасқан жері

Жер учаскесінің алаңы (гектар)

Сауда-саттық объектісі (құқық түрі)

Жер учаскесіне ауырпалықтар (шектеулер)

Жер салығының мөлшері (теңге)

Бастапқы баға (теңге)

Кепілдік жарна мөлшері (теңге)

1

Кәсіпкерлік мақсаттар үшін

Құлсары қаласы, Өндірістік аймақ

0,3000

3 жыл мерзімге жалдау құқығы

Жоқ

18 450

264 060

145 850

2

Кәсіпкерлік мақсаттар үшін

Құлсары қаласы, Өндірістік аймақ

0,5044

3 жыл мерзімге жалдау құқығы

Жоқ

31 021

443 973

145 850

3

Кәсіпкерлік мақсаттар үшін

Жем ауылдық округі, Тұрғызба ауылы, А.Жұбанов көшесі

0,0088

3 жыл мерзімге жалдау құқығы

Жоқ

42

1474

145 850

4

Кәсіпкерлік мақсаттар үшін

Жем ауылдық округі, Тұрғызба ауылы, Бокен би көшесі

0,0400

3 жыл мерзімге  жалдау құқығы

Жоқ

192

6696

145 850

5

Кәсіпкерлік мақсаттар үшін

Жем ауылдық округі, Тұрғызба ауылы, Бокен би көшесі

0,0900

3 жыл мерзімге  жалдау құқығы

Жоқ

432

15 066

145 850

6

Кәсіпкерлік мақсаттар үшін

Қара Арна ауылдық округі, Шокпартоғай ауылы

0,0352

3 жыл мерзімге  жалдау құқығы

Жоқ

169

4731

145 850

7

Кәсіпкерлік мақсаттар үшін

«Құлсары-Теңіз» тас жолы бойы

0,2500

3 жыл мерзімге  жалдау құқығы

Жоқ

15 375

220 050

145 850

8

Кәсіпкерлік мақсаттар үшін

Құлсары қаласы, Береке ықшам ауданы

0,0200

3 жыл мерзімге  жалдау құқығы

Жоқ

1230

17 604

145 850

9

Кәсіпкерлік мақсаттар үшін

Құлсары қаласы, Береке ықшам ауданы

0,0150

3 жыл мерзімге  жалдау құқығы

Жоқ

922

13 203

145 850

10

Кәсіпкерлік мақсаттар үшін

Құлсары қаласы, Автожолшылар ықшам ауданы

 

0,1120

3 жыл мерзімге  жалдау құқығы

Жоқ

6888

98 583

145 850

 

Ұйымдастырушы:  «Жылыой аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Анықтама алу үшін телефон: 8 (71237) 5-16-23.