Қазақ спорт туризм академиясы жəне "Спорт жұлдыздары" Республикалық ғылыми-əдістемелік журналының ұйымдастыруымен қазақ спортының дамуына зор үлес қосқан облыстық, қалалық жəне аудандық спорт басқармалары мен спорт жанашырлары, үздік спортшылар мен үздік ұстаздары арасында "Жыл үздіктері-2020" жеңімпаздарын анықтау мақсатында өткізілген шарада Жылыой ауданы білім бөлімі əдістемелік кабинет əдіскері Атырауов Жəнібек Жəрдемұлы "Үздік спорт əдіскері-2020" жеңімпазы атанды.