Облыс әкімі Б.Ақшолақов Жылыой ауданындағы нысандардың жұмысымен танысты

Облыс әкімі Б.Ақшолақов Жылыой ауданындағы нысандардың жұмысымен танысты


Аймақ басшысы Б.Ақшолақов Жылыой ауданына жұмыс сапарымен келіп, ауданда жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалардың және құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Жұмыс сапары барысында құрылысы аяқталған 1200 орындық «Жайлы мектеп» ғимараты, Жылыой аудандық орталық ауруханасы, «Жастар үйі», Ұ.Әбдірахманов көшесіндегі автомобиль көпіріне жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары, Орталық стадион, Құрсай жағалаулары, тұрғын үй кешені және апаттық білім беру нысаны қаралды. Сонымен қатар тротуарлар мен веложолдар, электр желілері және қалаішілік жол құрылысының барысы сараланды.

Сондай-ақ Бақашы маңындағы шлюз бен Жем өзені бойындағы бөгет жұмыстарының жай-күйі сараланып, тасқын су қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Ауыл шаруашылығы саласында «Аман Есен» шаруа қожалығының қызметі таныстырылып, облыс әкімі шаруашылықты одан әрі кеңейту, қайта өңдеу цехын салу және дайын өнім көлемін арттыру мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды.

Бұдан бөлек, «Елырыс» мал сою пункті мен ет консервілеу цехының жұмысы таныстырылды.

Аудан әкімі Ж.Қаражанов облыс әкіміне ауданның бірқатар өзекті мәселелері бойынша баяндап, ұсыныстарын жеткізді.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша өңір басшысы аудандағы проблемалық мәселелерді жүйелі шешу, нысандардағы жұмыстарды сапалы жүргізу және белгіленген мерзімде аяқтау жөнінде жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді.