
Отбасы құндылықтарын дәріптеп, өнегелі жанұяларды насихаттауға бағытталған байқауға ауданымыздан 4 отбасы қатысып, өзара бақ сынады.
Жеңімпаздарды аудан әкімінің орынбасары Г. Айшуақова құттықтап, дипломдар мен арнайы марапаттарды табыстады. Сонымен қатар, байқауға қатысқан барлық отбасыларға заманауи тоңазытқыштар сыйға тартылды.
Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған екі отбасы облыстық кезеңге жолдама алды. Аудан намысын өнерлі Жұмағалиевтер отбасы мен бір әке-анадан тараған 126 адамнан тұратын үлкен әулет – Оспановтар отбасы қорғайтын болады.
Жеңімпаз отбасыларды шын жүректен құттықтап, облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!