
Кездесу барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған бірқатар мәселелерді ортаға салды. Атап айтқанда, жайылымдық жер, көше жарығын орнату, демалыс және қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, спорт инфрақұрылымын дамыту бағытындағы ұсыныстар айтылды.
Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдаған аудан әкімі әрбір мәселенің маңыздылығына тоқталып, ауылдың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат берді.
Кездесу қорытындысында көтерілген мәселелер тиісті сала мамандарымен бірлесіп қаралып, оларды кезең-кезеңімен шешу бойынша жұмыстар жалғасатынын атап өтті.