
Бүгін аудандық мәдениет үйінде мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлері күніне арналған «Еліне адал қызмет – ең жоғары құрмет» атты салтанатты шара өтті.
Мерекелік жиынға аудан әкімінің орынбасары Ерлан Нұрланов қатысып, мемлекеттік қызмет пен құқық қорғау саласында абыройлы еңбек етіп жүрген азаматтарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, алғыс хат табыстады.
Шара барысында сала ардагерлері аудан әкімінің Құрмет грамотасымен және бірқатар мемлекеттік қызметшілер облыс әкімі С.Шәпкеновтің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті басшысының және аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлері де түрлі деңгейдегі марапаттарға ие болды.
Салтанатты шара одан әрі мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен өткен мерекелік концертке ұласты. Концерт барысында патриоттық және мерекелік әндер орындалып, кәсіби мерекенің мән-маңызы айшықтала түсті.