
Бүгін мұнай саласында табанды еңбек етіп, ел игілігі жолында қызмет атқарған геолог-барлаушы ардагерлерге арналған «Барлау-Бұрғылау» саябағының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Іс-шараға қала әкімі Қ.Адинов қатысып, жиналған қауымды жаңа саябақтың ашылуымен құттықтады.
Салтанатты шара барысында ардагерлерге құрмет көрсетіліп, саябақтың лентасы қиылды.
Аталған саябақ – мұнай-газ саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан барлаушы-геологтар мен бұрғылау саласы мамандарының ерен еңбегін ұлықтауға бағытталған тағылымды демалыс орны болмақ.