
Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы А.Абсиметов және аудан басшылығы қатысты.
Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Е.Нұрланов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілеп, естелік сыйлықтар табыстады.
Сонымен қатар, департамент өкілі жарысқа қатысушыларға ізгі тілегін білдіріп, спорттық додада жоғары нәтиже көрсетуге тілектестік білдірді.
Жарысқа 6 аудан мен 1 облыстық команда қатысып, барлығы 7 команда бойынша 150-ге жуық мемлекеттік қызметші шағын футбол, волейбол, жүзу және киберспорт түрлері бойынша бақ сынайды.
Спартакиаданың басты мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, өзара ынтымақтастық пен достық қарым-қатынасты нығайту.
Спорт – денсаулық пен тәртіптің негізі.
Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!