Жылыойда Жеңіс күніне орай гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Жылыойда Жеңіс күніне орай гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Бүгін 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай «Өшпес жалын – ерлікке тағзым» атты Мәңгілік алау мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Іс-шара барысында соғыс жылдарында Отан үшін от кешкен жауынгерлер рухына құрмет көрсетіліп, бір минут үнсіздік жарияланды.

Салтанатты жиында аудан әкімі сөз сөйлеп, аудан тұрғындарын Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады.

– Сұрапыл соғыс жылдарында майданда ерлікпен шайқасқан жауынгерлер мен тылда аянбай еңбек еткен азаматтардың арқасында бүгінгі бейбіт өмірге қол жеткіздік. Олардың қайсарлығы мен жанқиярлығы кейінгі ұрпаққа әрдайым үлгі. Ұлы Отан соғысының ауыр зардаптары мен халықтың бастан өткерген қиын кезеңдері ешқашан ұмытылмайды. Батырлардың есімі ел жадында мәңгі сақталады, – деді аудан әкімі.

Тағылымды шараға Жылыой ауданы мен Құлсары қаласы әкімдігінің өкілдері, дербес бөлімдер мен мекеме қызметкерлері қатысты.

Мәңгілік тағзым – Мәңгілік Жеңіс