
Атырау қаласында «AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында «Үйді басқару: жауапкершілік, сенім, нәтиже» тақырыбында өңірлік форум өтті.
Ауқымды жиынға Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қатысып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.
Естеріңізге сала кетейік, Құлсары қаласы Ұ. Әбдрахманов көшесі, №2 үйдің №3 пәтер тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясы аясында тұрғын үйдің кіреберіс бөлігін ретке келтіріп, оның заманауи келбетін жақсартуға үлес қосып, ерекше пәтер бейнесімен танылған болатын. Осы игі бастамаға ұйытқы болған аудан тұрғыны Манарбек Жаңбырбайұлы аймақ басшысы Серік Шәпкеновтің арнайы Алғыс хатымен марапатталды.
Манарбек Жаңбырбайұлының қоғамдық жұмыстарға белсенді араласуы мен тазалыққа жауапкершілікпен қарауы - көпшілікке үлгі болатын игі іс.
Мұндай бастамалар туған жерге деген жанашырлық пен азаматтық жауапкершіліктің жарқын көрінісі болып табылады.