Бүгін аудан әкімдігінде аппараттық мәжіліс өтті

Бүгін аудан әкімдігінде аппараттық мәжіліс өтті

Бүгін Жылыой ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл А.Теміржановтың төрағалығымен мәжіліс отырысы өтті.

Мәжіліс барысында 2025-2026 жылы аппараттық мәжілістерде және нысандарды аралау кезінде аудан әкімі берген тапсырмалардың орындалу барысы қаралды. Сонымен қатар, 2025 жылғы хаттамалық жұмыстарға қатысты мәселелер талқыланды.

Жиында әр сала бойынша орындалмаған тапсырмалар жеке-жеке қаралып, коммуналдық салаға қатысты өзге де өзекті мәселелер көтерілді.

Отырыс қорытындысы бойынша көтерілген әрбір мәселе бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырма жүктеліп, олардың сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз ету міндеттелді.