Аудан әкімі жеке қабылдауын өткізді

Аудан әкімі жеке қабылдауын өткізді

Бүгін аудан әкімі Жұмабек Қаражанов бірқатар азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Тұрғындар негізінен жұмыспен қамту, тұрғын үй және жер сұрау, автобус бағыты, жеке кәсіпкерлік және шаруа қожалығы жер телімінің құжаттары, денсаулық мәселелерін көтерді.

Мәселен, автобус бағытын жүргізуді сұраған тұрғындардың өтініші бойынша аудан әкімі ағымдағы жылы жол құрылыстары аяқталғаннан кейін жолаушыларды тасымалдаушы автобусты жүргізу мүмкіншілігі қарастырылатынын жеткізді.

Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір азаматтың мәселесін тыңдап, жауапты сала басшыларына нақты тапсырма жүктеді. Сондай-ақ, қабылдауға келген азаматтардың мәселелері жан-жақты зерттеліп, шешімі заң талаптарына сәйкес қарастырылатынын атап өтті.