Бүгін аудан әкімі Ж.Қаражанов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Бүгін аудан әкімі Ж.Қаражанов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан әлеуметтік маңызы бар бірқатар өзекті мәселелер көтерілді.

Атап айтқанда, жұмысқа орналасу, тұрғын үй, жеке мал шаруашылығы, жер кезегі, жұмыссыздыққа байланысты сұрақтар қойылып, аудан әкімі әрбір тұрғынның өтінішіне қолданыстағы заңнама аясында түсіндірме берді.

Аудан әкімі тұрғындарды толғандырған әрбір мәселені жеке қарап, жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.