
Бүгін аудан әкімі Ж.Қаражанов бір топ әріптестерімен бірге қазыналы қарттармен кездесіп, оларды Көрісу күнімен құттықтады.
Кездесу барысында ауданымыздың дамуына өлшеусіз үлес қосқан еңбек ардагерлерінің шаңырағына арнайы барып, ата-бабалардан қалған асыл дәстүріміз бойынша көрісіп, ақ баталарын алды.
Ең алдымен, аудан әкімі ғасыр жасаған тыл ардагері Үнзира Әбілғазиеваға арнайы барып, мерекелік ізгі тілектерін білдіріп, гүл шоқтары мен сый-сияпатын тарту етті. Өз кезегінде қазыналы қария ел-жұртқа амандық, бірлік пен береке тілеп, ақ батасын берді.
Сонымен қатар, мұнай саласының ардагері, ұзақ жылдар бойы осы салада абыройлы еңбек еткен Жабас Құлбалиевке құрмет көрсетілді. Білім саласының ардагерлеріне де арнайы барып, амандық-саулық тіледі.
Қазыналы қарттар – еліміздің ақылшысы, берекесі мен бірлігінің тірегі. Олардың өмірлік тәжірибесі мен өнегелі жолы әрдайым ұрпаққа үлгі болып қала береді.