
Жылыой аудандық мәдениет үйінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған "Әйелмен әлем әдемі" атты мерекелік кеш өтті.
Кеш барысында аудан әкімі барша аруларды құттықтап, Алғыс хатпен марапаттады
"Әйел – отбасының берекесі, қоғамның тірегі, ұрпақ тәрбиесінің алтын діңгегі. Сіздердің мейірімдеріңіз бен парасаттарыңыз, сабырларыңыз бен жанашырлықтарыңыз ауданымыздың дамуына, бірлігі мен ынтымағына үлкен үлес қосып келеді.
Бүгінде ауданымыздың әр саласында – білімде, медицинада, кәсіпкерлікте, мемлекеттік қызметте, мәдениет пен спортта – әйелдер қауымы табысты еңбек етіп, ел игілігі үшін қызмет атқаруда. Сіздердің еңбектеріңіз әрдайым құрметке лайық",- деді аудан әкімі Ж.Қаражанов
Аудан әкімінің құттықтауынан кейін, мерекелік кеш концерттік бағдарламамен жалғасты.
Аудан өнерпаздары сахнаны думанға бөлеп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Кештің құрметті қонағы, эстрада жұлдызы, әнші Дана Кентай өз өнерімен көрерменді тәнті етіп, ыстық ықыласқа бөленді.
Кеш соңында өнерпаздар барша аналарға арналған "Ана" әнін шырқап, мерекелік кеш әсем ән мен ақжарма тілектерге толы жылы атмосферада аяқталды.