
Құлсары қаласында «Көктем – 2026» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде.
Аталған шара 2026 жылғы су тасқыны кезеңінде туындауы ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюға барлық қызметтердің дайындығын пысықтауға бағытталған.
Оқу-жаттығу барысында арнайы қызметтердің материалдық-техникалық базасы, қажетті қорлары мен арнайы техникаларының дайындығы қаралды. Сонымен қатар, эвакуациялық қабылдау және орналастыру пункттерінің жай-күйі зерделеніп, тұрғындарды қауіпсіз аймақтарға көшіру жұмыстары нақтыланды.
Жауапты мекемелерге қауіпсіздікті қамтамасыз ету, төтенше жағдай туындаған уақытта жедел әрекет ету бағытында нақты тапсырма жүктелді.
Аудан аумағында оқу-жаттығу жиыны бекітілген жоспарға сәйкес жалғасады.