Аудан әкімі тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады

Аудан әкімі тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады

Жылыой ауданының әкімі Ж.Қаражанов тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Қабылдауға 10 тұрғын келіп, өздерін толғандырған бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.

Кездесу барысында тұрғын үйге қатысты түрлі мәселелер, жұмыссыздық, жер және жер кезегі, су тасқыны салдары, құжаттандыру түйткілдері, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандарды газбен қамтамасыз ету мәселесі қозғалды.

Әрбір мәселе жеке қаралып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Көтерілген мәселелердің орындалуы бақылауға алынды.