14–22 наурыз аралығындағы мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері талқыланды

14–22 наурыз аралығындағы мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері талқыланды

Бүгін аудан әкімінің төрағалығымен 14–22 наурыз аралығында өтетін мерекелік іс-шараларды ұйымдастыруға арналған жиын өтті. Оған жауапты бөлім басшылары мен мекеме өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде алдағы мерекелік шаралардың жоспарын нақтылау, дайындық барысын пысықтау мәселелері қаралды.

Ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Нұрмұханова жоспарланған іс-шаралар бойынша баяндама жасап, мерекелік бағдарламаның форматы және өткізу орындары жөнінде жан-жақты ақпарат берді.

Аудан әкімі жауапты бөлімдерге мерекелік іс-шаралардың сапалы әрі мазмұнды өтуін қамтамасыз етуді, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды тапсырды.