Аппараттық мәжілісте қаланың санитарлық тазалығы мен тұрғындар өтініштері қаралды

Аппараттық мәжілісте қаланың санитарлық тазалығы мен тұрғындар өтініштері қаралды

Бүгін өткен аппараттық мәжілісте қаланың санитарлық тазалығы басты назарға алынды. Жиында 11 сектор бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысы жан-жақты талқыланып, олардың тиімділігі сараланды.

Сондай-ақ, тұрғындардың Telegram чат арқылы жолдаған сауалдарына дер кезінде әрі сапалы жауап беру мәселесі көтерілді. Әрбір өтініштің назардан тыс қалмауы керектігі қатаң ескертілді.

Бұдан бөлек, 109 колл-орталығы арқылы келіп түскен өтініштерге талдау жүргізіліп, олардың орындалу деңгейі қаралды. Мерзімінде шешімін таппаған мәселелер бойынша жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.

Сонымен қатар, апатты деп танылған тұрғын үйлердің жай-күйі зерделеніп, тиісті шаралар қабылдау жөнінде міндеттер қойылды.

Барлық тапсырмалардың сапалы әрі уақытылы орындалуы қатаң бақылауда болады.