
Аудан әкімдігінде көктемгі су тасқынының алдын алу және дайындық жұмыстары бойынша жауапты мамандардың қатысуымен арнайы жиын өтті.
Жиын барысында 6 бекеттің осал тұстары анықталып, оларды күшейту бағытында нақты тапсырмалар берілді. Барлық нысандар тұрақты бақылауға алынды.
Сонымен қатар бұған дейін жүктелген тапсырмалардың орындалу барысы қаралып, жауапты мамандардың есебі тыңдалды. Дайындық жұмыстарын жеделдету және қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша тиісті міндеттер қойылды.