Дүниежүзілік сайлау күніне орай бірқатар іс-шаралар өтті

Дүниежүзілік сайлау күніне орай бірқатар іс-шаралар өтті

2026 жылғы 5 ақпанда аталып өтетін Дүниежүзілік сайлау күні қарсаңында Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының іс-шаралар жоспарына сәйкес аудан көлемінде бірқатар танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, Жылыой аудандық «Атамұра» мұражайында Жас сайлаушылар клубының мүшесі Ж. Нұрмашованың қатысуымен кездесу өтті. Кездесу барысында сайлау жүйесінің маңыздылығы, азаматтық белсенділік және жастардың қоғамдағы рөлі жөнінде пікір алмасу ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, №20 жалпы орта білім беретін мектепте «Мен Президент болғым келеді» тақырыбында мектепішілік пікірсайыс өткізілді. Пікірсайысқа қатысқан фракциялар өз көзқарастарын нақты аргументтер мен фактілер арқылы дәлелдеп, қарсы пікір білдіріп, сұрақ-жауап алмасу арқылы тартысты әрі мазмұнды ойын көрсетті.

Ұйымдастырылған шаралар жастардың саяси сауаттылығын арттыруға, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға және сайлау үдерісіне деген қызығушылығын күшейтуге бағытталды.