
2026 жылғы 5 ақпанда аталып өтетін Дүниежүзілік сайлау күні қарсаңында Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының іс-шаралар жоспарына сәйкес С.Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі студенттерімен «Әр азамат сайлауға және сайлануға құқығы бар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – студенттерге сайлау туралы кең көлемде, жүйелі түсінік беру, сайлаудың демократиялық қоғамдағы маңызын түсіндіру және жастардың азаматтық белсенділігін арттыру.